COVID-19. Кентавр нұсқасы туралы не белгілі?

27 Шілде 2022, 15:09
1578
Бөлісу:
COVID-19. Кентавр нұсқасы туралы не белгілі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Сонымен қатар ведомство өкілі Омикрон штамының Кентавр атты жаңа субнұсқасына тоқталып өтті. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ВА2.75 Омикронының Кентавр субнұсқасын бақылап отыр. Осы субнұсқаны әлемнің 15 елі бақылауға алған. Ол барлық зерттелген үлгілердің 0,05%-ын құрайды. Әзірге, басқа нұсқалармен салыстырғанда осы мутацияның қандай дәрежесі аурудың таралуы мен ауырлығына әсер ететіні туралы дәлел жоқ. Зерттеу жалғасуда, - деді вице-министр. 

Белгілі болғандай, бүгінге дейін әлемде Омикронның 5 түрі анықталған. 

Ол – ВА.1, ВА.2, ВА.3, ВА.4, ВА.5 нұсқалары. Олардың ішінде ең көп таралған түрі – ВА.1, ВА.2. нұсқалары. ВА.4, ВА.5 нұсқаларының қосымша мутациясы бар. ДДСҰ вирустың осы түрлерінің сипаттамасына бағалау жүргізуді жалғастыруда. ВА.3 –аз мутацияланған және ең аз таралған түрі. Омикрон штаммының Stealth (ВА.2) нұсқасы 2021 жылғы желтоқсанның ортасында анықталды және қазіргі уақытта ДДҰ-ның деректері бойынша барлық зерттелген  жағдайлардың 11%-ын құрайды, - деді Айжан Есмағамбетова. 

Өзгелердің жаңалығы