COVID-19 қарсы вакциналар Альцгеймер ауруын тудырмайды

9 Наурыз 2021, 15:10
1839
Бөлісу:
COVID-19 қарсы вакциналар Альцгеймер ауруын тудырмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық желі пайдаланушылары COVID-19-ға қарсы вакцина Альцгеймер ауруын тудыруы мүмкін деген мақаламен бөлісуде. Бұл америкалық Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналарына қатысты айтылған, деп хабарлады stopfake.kz.


Автор-иммунолог Барт Классен бұған дейін де дәлелденбеген мәлімдемелер жасаған. Сарапшылар оның тағы бір мәлімдемесін жоққа шығарып отыр.

Хабарлама авторлары сүйеніп отырған дереккөзде осы жылдың қаңтар айында Microbiology & Infectious Diseases журналында жарық көрген иммунолог Барт Классеннің мақаласы туралы айтылады.

Классеннің айтуынша, коронавирусқа қарсы Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналарының компоненттері ақуыздардың дұрыс ұйымауына себеп болады. Соның салдарынан Альцгеймер және Лу Гериг аурулары немесе бүйірлік амиотрофиялық склероз тудыруы ықтимал.

Бірақ Барт Классен бұған дәлелдер келтірмейді. Ол өз тұжырымдарында неге сүйенеді, қай жерде қандай зерттеулер жүргізгені белгісіз. Америкалық ғылым және денсаулық кеңесі бұған жауап ретінде Классеннің мақаласында ешқандай дәлелдер жоқ және бұл «толығымен теория» деп мәлімдеді.
Талдау қалай жүргізілді? Қандай бағдарламалық қамсыздандыру қолданылды? Ол қандай да болмасын бақылау элементтерін, мысалы, жасушалық мРНҚ тізбегін зерттеді ме? Бұл туралы ол айтпайды. Ол жай COVID вакциналарының құрамындағы РНҚ-ның жүйелілігі әртүрлі, бұл TDP-43 және FUS-тың дұрыс жиналмауына әкелуі мүмкін екенін айтады. Бар болғаны осы ғана. Бұл теория ғана. Нақты дәлелдер жоқ, – делінген ұйымның хабарламасында.
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы коронавирусқа қарсы екі вакцинаны жедел қолдануға рұқсат берді: біреуі Pfizer-BioNTech және біреуі Moderna.

Клиникалық зерттеулер вакциналардың Альцгеймер ауруы сияқты неврологиялық бұзылулармен байланысының жоқтығын көрсетті.
АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілі Марта Шаран politifact-ке өз пікірін білдірді.

VAERS COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін приондар тудырған аурулар, Альцгеймер ауруы немесе бүйірлік амиотрофиялық склероз (БАС) туралы хабарламалар түскен жоқ. Бүгінгі таңда COVID-19 вакциналары мен осы жағдайлардың арасындағы себептік байланысты көрсететін дәлелдер жоқ, - деді ол.

Айта кетейік, Классеннің мақаласын жариялаған басылым америкалық кітапханашы Джеффри Билл құрастырған жосықсыз басылымдар тізіміне енгізілген.

Бұған дейін Классен вакциналардың қант диабетімен байланысы туралы мақала жариялаған, оның тұжырымдары қате және дәлелденбеген деп танылды.

Классен өзінің сайтында коронавирустық пандемия «шын мәнінде, биологиялық қару шабуылы болып табылады және 2001 жылы АҚШ-тағы сібір жарасына шабуылмен байланысты болуы мүмкін» деп болжам жасайды. Сондай-ақ оның пікірінше, SARS-CoV-2 қолдан жасалған. Әртүрлі елдердің басылымдары бұл мәлімдемені де жоққа шығарды.

Өзгелердің жаңалығы