COVID-19: Камалжан Надыров стационардан шығарылды

19 Мамыр 2020, 16:02
1997
Бөлісу:
COVID-19: Камалжан Надыров стационардан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

Өткен тәулікте елімізде 311 жаңа вирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Өсім деңгейі 4,8%. Соңғы күндері бұрынғыға қарағанда вирус жұқтырғандар саны артып отыр. Төтенше жағдай режимі алынғанымен, карантин шаралар әлі де сақталуда. Әсіресе, өсім деңгейі 5%-дан жоғары өңірлерде карантин шаралары қатаң. Бұған дейін мемлекеттік комиссия вирус жұқтыру көрсеткішіне байланысты карантин шараларын жеңілдету және шығу жөнінде жоспар құрған болатын. Соңғы күндері вирус жұқтырғандар санының артуына байланысты, карантин шараларын жеңілдету шаралары тағы бір аптаға кейінге шегерілді, – деді ол.

Людмила Бюрабекова өткен аптада тестілеудің ең жоғары көрсеткіші 23 мыңнан асқанын айтты.

Өткен аптада күнделікті тестілеудегі ең жоғары көрсеткіш 23 мыңнан асты. Орта есеппен бір күнде 13-21 мың аралығында тестілеу жүргізіледі. Тестілеу жоспары құрылған. 14 сәуірден бастап сол жоспармен келеміз, бүгінде оны аяқтауға жақындадық. Себебі, тестілеу және скринингтің жаңа формасына көштік, - деді ол.

Вице-министр коронавирустан емделіп жатқан медициналық қызметкерлердің бар екенін айтты. Осы орайда ол бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың қазіргі жағдайына тоқталды.

Камалжан Талғатұлы стационардан шығарылды. Қазіргі таңда медициналық реабилитациядан өтуде. Сараптама теріс нәтиже көрсетті, - деді ол.

Еске саламыз, 22 сәуірде Камалжан Надыровтан COVID-19 инфекциясы анықталған болатын

Өзгелердің жаңалығы