COVID-19. Инфекциясы бар науқастарды медициналық бақылау әдісі өзгерді

12 Маусым 2020, 13:08
1434
Бөлісу:
COVID-19. Инфекциясы бар науқастарды медициналық бақылау әдісі өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова инфекциясы бар науқастарды медициналық бақылау әдісі өзгергенін айтты.

Коронавирус пандемиясы аяқталды және оған қатысты қауіп ойдан шығарылды деп айтуға болмайды. Жұқтырудың басты факторы – маскасыз жүру, әлеуметтік қашықтықты бұзу, жеке гигиена талаптарын сақтамау. Адамдар көп шоғыраланған бұқаралық шараларға баруға болмайды. Әртүрлі шаралар өткізілетін жерлерден аулақ жүру керек. Себебі, шараға қатысушылар -вирустың белсенді таратушылары, - деді ол. 
Сондай-ақ Сәуле Қисықова қала бойынша 9 лаборатория жұмыс істейтінін айтты. 
Онда ПТР бойынша 5 мыңға жуық сынама алынады. Ол қала халқының арасында инфекцияны анықтау ауқымын кеңейтті. Бүгінгі күнге дейін 148 мыңға жуық зерттеу жүргізілді. Лаборатория анықтаған коронавирус инфекциясы бар адамдарға медициналық бақылау әдісі өзгерді. Симптомдық және симптомсыз жағдайлар бөлінеді. Симптомы бар науқастар ерекше назарда болады. Бұл олардың ауруы асқынып кетпеуі және қажетті госпитальдандыру көмегін ұсынуды дер кезінде жүзеге асыру үшін жасалып отыр. Симптомсыз адамдар да назардан тыс қалмайды. Олардың барлығы өңірлік емханаларда үй карантинінде бақылауда, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы