COVID-19 инфекциясымен ауырған адам неліктен үш айдан кейін вакцина алуы керек

3 Шілде 2021, 14:35
2523
Бөлісу:
COVID-19 инфекциясымен ауырған адам неліктен үш айдан кейін вакцина алуы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева КВИ-мен ауырған адам емделгеннен кейін үш айдан соң вакцина алуы туралы шешім қалай қабылданғанын түсіндірді.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ауырып жазылған адамды үш айдан кейін вакцинациялау ұсынылып отыр. Мұндай шешім инфекциядан кейін 3-6 ай аралығында қайта жұқтыру жағдайларының жиі тіркелуіне байланысты туындады, - деді Айнагүл Қуатбаева.

Оның айтуынша, коронавируспен ауырған азаматтарды вакцинациялау онсызда әлсіреген ағзаның қайта жұқтырмауы үшін маңызды. Инфекцияны қайта жұқтыру әдетте үлкен қиындықтарға әкеледі.

Өзгелердің жаңалығы