COVID-19: Grammy премиясын табыстау рәсімі кейінге шегерілді

6 Қаңтар 2021, 10:01
1886
Бөлісу:
COVID-19: Grammy премиясын табыстау рәсімі кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та өтетін Grammy сыйлығын табыстау рәсімі коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді. Бұған дейін оның 31 қаңтарда өтетіні хабарланған болатын.

Rolling Stone журналының мәліметіне сүйенсек, биылғы Grammy сыйлығын табыстаудың 63-ші рәсімі 2021 жылдың 31 қаңтарына жоспарланған.

Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылармен, біздің шарамызды жүргізетін жүргізушілермен және премия беру рәсіміне қатысатын әртістермен ақылдаса келе жыл сайынғы Grammy сыйлығын табыстаудың 63-ші рәсімін 2021 жылдың 14 наурызына ауыстыру туралы шешім қабылдадық, - делінген хабарламада. 

Қазір Лос-Анжелесте коронавирусқа байланысты ауруханаға жатқызу және өлім-жітім жағдайлары күрт көбейіп кетті. Қала басшылығы жаттығу залдарының, шаштараздардың, мейрамханалардың қызметін тоқтатып тастады. Олар қала тұрғындарын үйде отыруға шақырды.

 

 

Айта кетейік, қазақстандық музыкант Imanbek Grammy-дің «Ең үздік ремикс» марапатына ұсынылып отыр. Сонымен қатар Grammy-ге үмiткер отандасымызға Ургант қоңырау шалып, құттықтады. Жалпы Grammy сыйлығы жыл сайын беріледі. Ол Американың басты музыкалық сыйлығы болып саналады. Биыл номинациялар саны бойынша әнші Бейонсе көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы