COVID-19. GGG-дің келесі жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

4 Желтоқсан 2020, 21:11
1477
Бөлісу:
COVID-19. GGG-дің келесі жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта өнер көрсететін Камиль Шереметатың ресейлік бапкері Федор Лапин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Fightnews.com порталы хабарлады. 

Лапин Шереметедан бөлек тағы бір полшалық боксшы Кшиштоф Гловацкиді де жаттықтырады. Ол да коронавирус жұқтырыпды. Енді оның 12 желтоқсан күні Лондонда WBO белбеуі үшін британдық Лоуренс Околиге қарсы жекпе-жегі де өтпей қалуы мүмкін. Бұл айқас Джошуа мен Пулев арасындағы айқастың андеркартында болуы керек еді - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 18-желтоқсан күні Холливкд (Флорида штаты, АҚШ) Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу керек. Бұл кештің басты жекпе-жегі болып, 12 раундқа жоспарлан кездесу болу керек еді. 

Ал осы кештің андеркартында тағы бір қазақстандық боксшы, Али Ахмедов те шаршы алаңға шығады. 12 раундқа жоспарланған бұл кездесуде оның қарсыласы эквадорлық Карлос Гонгора болады. 

Өзгелердің жаңалығы