Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл мақсатта бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды.
Бұл туралы "Медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға жіберіледі. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша полимеразалық тізбек реакциясы әдісімен биологиялық материалдан COVID-19 вирусын анықтау үшін диагностикалық зерттеуге 0,6 млрд теңге бөлінген. Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін медициналық ұйымдармен келісімшарттар жасалды, - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.
ПТР-тесттен кімдер тегін өтеді?
· COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;
· ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;
· КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;
· стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;
· тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қан тамыр жүйелерінің аурулары бар динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;
· шетелден келгендер;
· коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;
· жүкті әйелдер, т.б.
Айта кетейік, ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде:
- байланыста болған үй карантиніндегі адамдарға;
- арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлеріне; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне; қарттар үйлеріндегі, интернат және басқа мамандандырылған ұйымдардағы адамдарға);
- әскерге шақырылушыларға, т.б. өз есебінен ПТР-зерттеулер жүргізеді.