COVID-19: Елімізде жағдай тұрақты – Ғиният

5 Сәуір 2022, 11:40
1303
Бөлісу:
COVID-19: Елімізде жағдай тұрақты – Ғиният
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, әлемде елдерінде соңғы аптада  коронавирусты жұқтырғандар саны азайып келеді. Біздің елде де жағдай тұрақты. Сол себепті санитарлық тәртіптер алынып тасталды. Алайда бәрі бақылауымызда. Қазіргі таңда еліміздің шекарасына сырттан келушілердің міндетті түрде ПТР сынама тапсырып, тексеріледі, - деді Денсаулық сақтау министрі А жар Ғиният.

Сөзінше, соңғы екі-үш айда елімізде оптимистік сценарий орын алуда.

Қазіргі таңда коранавирус індетінің көтерілуі байқалмайды. Жалпы дүниежүзіндегі жағдайға байланысты жаңа штамм пайда болып, індет өршіп кетпесе, қазір елдегі жағдай тұрақты, - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

Өзгелердің жаңалығы