COVID-19: БҚО-да 1 ақпаннан бері мыңға жуық кісіден анықталған

14 Ақпан 2021, 06:30
1088
Бөлісу:
COVID-19: БҚО-да 1 ақпаннан бері мыңға жуық кісіден анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 ақпаннан бері Батыс Қазақстан облысында COVID-19-дың 889 жағдайы анықталған. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Оның ішінде ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген адамдар – 46%, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде – 30%, профилактикалық мақсатта тексерілген – 14,6%, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған – 9,2% анықталған. 

Соңғы аптада, өткен аптамен  салыстырғанда аурушаңдықтың 11,0%-ға төмендеуі байқалған.

Коронавирус инфекциясы: жұмыс істейтін адамдар – 29,1%, зейнеткерлер – 29,6%, жұмыс істемейтін тұлғалар – 23,9%, оқушылар – 6,5%, мұғалімдер – 2,6%, медицина қызметкерлері – 3,4%, студенттер – 1,1%, ұйымдастырылмаған балалар – 1,3%, балабақша тәрбиешілері – 1,1%,  ұйымдастырылған балалар – 0,7%, күш құрылымдары 0,6% арасында анықталып отыр. 

1 қаңтардан бастап мониторингтік топтар ҚР және облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысына сәйкес, санитарлық-дезинфекциялық режим талаптарын бұзудың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда. Мониторинг топтарымен 796 рейд жүргізіліп, 7 437 нысан қамтылды. 25 нысанда бұзушылықтар анықталды. 64 хаттама толтырылып, 3 850 440 теңгеге айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы