COVID-19: Білім беру саласындағы теңсіздік артады

5 Тамыз 2020, 10:19
2436
Бөлісу:
COVID-19: Білім беру саласындағы теңсіздік артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі жетекші маманы Айша Вауда "Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту" онлайн брифингінде айтты.

ОА елдерінде пандемия кезіндегі қашықтан оқу кезінде оқытушы мен оқушы арасында интерактивті байланыс болған жоқ. Білім алу процесін бақылау төтенше жағдай кезінде мүмкін болмады. Орталық Азияның барлық елінде қаржыландыру да шектеулі болды. Елдер адамдарды емдеу үшін барлық ресурсын жұмсады. Алайда барлық елде жеке видеосабақтар әзірленді. Ол тілге, мәдениет пен білім беру саласындағы жетістіктерге қарай жіктелді. Осы кезеңде елдермен тәжірибе алмасуға болатын еді. Бірақ ол жүзеге аспады. Қазірдің өзінде ондай алмасу болмай отыр, - деді ол. 

Айша Вауда пандемия кезінде білім беру саласы неден айырылғанын айтты.
Орталық Азия елдеріндегі мектептердің 5 ай жұмыс істемеуі 16 баллды құрады. Бұл оқушылар оқу жылының жартысын жоғалтты деген сөз. Функционалдық сауатсыздық деңгейі артады. Себебі ол пандемияға дейін де жоғары болған. Ол 86 пайызға жетеді деп болжануда. Білім беру мен функционалдық сауаттылық саласындағы шығын 44 млрд доллар. Бұл 5 айдың қорытындысы ғана, - деді ол. 

Ол атағандай, білім беру саласындағы теңсіздік те артады. 
Қазақстанда әлеуметтік осал топтар жағдайы жақсы санатқа қарағанда көп зардап шекті. Экономикалық жақсы қамтылған отбасылардың балалары мен жағдайы төмен отбасылардың балалары арасындағы айырмашылық тағы да бір жылға артады. ОА-дағы әлеуметтік төмен отбасылардың балалары білімін жалғастырып,жоғары білім ала алмайды. Себебі коронавирус салдары үй шаруашылығына да айтарлықтай әсер етті. Осы ұрпақ үшін еңбек нарығындағы теңсіздікті арттырады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы