Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 347 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 57 адам емделіп шықты.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 28 575, 317 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 605 жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 685 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 580 науқас жатыр. 2 105 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 132 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 21 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.