Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 25 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат тарады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 31 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 22762, 261 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 4550 жетті.