COVID-19. Балалардың вирусты ересектермен бірдей тарататыны белгілі болды

20 Шілде 2020, 17:21
1938
Бөлісу:
COVID-19. Балалардың вирусты ересектермен бірдей тарататыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда жүргізілген жаңа ауқымды зерттеу он жастан асқан балалар коронавирус инфекциясын ересектермен бір деңгейде тарататынын көрсетті, деп жазды The Washington Post.

Сонымен қатар, он жастан кіші балалар коронавирусты басқаларға шамамен екі есе аз жұқтырады. Болжам бойынша, бұл ересектерден гөрі балалар шығаратын ауа көлемінің аздығына байланысты болуы мүмкін. Екінші нұсқа бойынша, балалардың бойы қысқа және олар жерге жақынырақ дем алады, сондықтан ересектердің вирусты ауамен дем алу ықтималдығы төмендейді.

Сондай-ақ, зерттеуге сәйкес, 10-19 жас аралығындағы балалар айналасындағыларды ересектерге қарағанда үлкен ықтималдықпен жұқтыруы мүмкін. Басылым бұл қате болуы мүмкін немесе балалардың мінез-құлқына байланысты екенін көрсетеді: бойы ұзын оқушылар ересектермен теңессе де, олардың әдеттері кішкентай балалардікіндей болуы мүмкін. Сонымен қатар, жасөспірімдер құрдастарымен көбірек араласады, сондықтан вирустың таралу мүмкіндігі де көп.

Зерттеу жүргізу үшін ғалымдар 20 қаңтар мен 27 наурыз аралығында отбасында COVID-19 симптомдары алғаш пайда болған 5 706 адамды және осы пациенттермен жақын араласқан 59 073 адамды таңдап алды. Содан кейін олар симптомдардың пайда болғанына қарамастан, үй шаруашылығында науқастанғандармен барлық байланыста болғандарды тексерді. Ал үй шаруашылығынан тыс симптоматикалық байланысы бар адамдар ғана сыналды.

Сарапшылар бұл зерттеуді "осы мәселе бойынша бүгінгі күні қолда бар ең тәуір зерттеулердің бірі" деп атады.

Өзгелердің жаңалығы