COVID-19: Армения билігі жаңа шараларды қолға алды

20 Маусым 2020, 07:35
1722
Бөлісу:
COVID-19: Армения билігі жаңа шараларды қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда коронавирус жұқтырғандар саны 19 мыңнан асты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Соңғы бірнеше күнде індетке шалдыққандардың қарасы 459-ға артқан. Жергілікті билік халыққа қолдау көрсету мақсатында осымен жиырмасыншы бағдарламаны қолға алды. Жобаға сәйкес елде 37 мың азамат ең төменгі жалақы көлемінде бір жолғы өтемақы алады. Қаржыны азаматтардың жеке есепшоттарына аудару қарастырылған. Бірақ ақшалай көмекті алудың басты талабы – азаматтар жеке мәліметін жариялауға рұқсат беруі керек. Үкімет басшысы бұл шығынды бақылауға мүмкіндік береді дейді. Қазір билік індеттің таралуына қарсы жаңа шараларды қолға алды.
Жағдайды сараптай келе, індет аулаларда көптеп тарала бастағанын білдік. Сондықтан қолда бар ресурстардың шектеулі екеніне қарамастан, әкімшілік шараларды күшейтуіміз қажет. Көшелерде бақылау жұмыстарына полициямен бірге өзге де органдардың өкілдері жұмылдырылады, – дейді Армения премьер-министрі Никол Пашинян.


Өзгелердің жаңалығы