Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты.
Халықтың вакцина алуымен қаладағы иммундық қабат та күннен-күнге өсіп келеді. Қазір иммундық қабат 46 пайыз болды. Оған қоса қаланың барлық нысанына Ashyq жүйесін енгіздік. Дегенмен QR сканерлеуде талаптар орындалмай жатыр. Оның арты вирустың таралуына әкеледі. Сондықтан оны қадағалау қажет, - деді Бекшин.Оның айтуынша, халық вирусты негізінен сауда орындарында жұқтырып жатыр, яғни жұқтыру көрсеткіші - 34%, отбасында - 19%, қоғамдық көлікте – 17,8%.
Бұған дейін ол қаладағы оқушылар арасында вирусты жұқтыру жағдай қалай өзгергенін айтқан.