Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Оның айтуынша, әлемде 270 млн-нан астам адам қауіпті індетті жұқтырған.
Әлемде КВИ-дің 270 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Тәулігіне 400 мыңнан астам адам вирус жұқтырады. 5,0 млн-нан астам адам қайтыс болды, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар ел аумағында соңғы екі аптада сырқаттанушылық 31%-ға төмендегенін алға тартты.
ДДСҰ Еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 19 елінде сырқаттанушылар санының өсуі байқалады. Соңғы 14 күнде Францияда аурудың барынша өсуі байқалды. Онда ауру 100%-дан астам, Португалияда 50%-дан астам, Швецияда 60%-дан астам, Италияда 50% шамасына өсті, - деп отыр ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін қанша қазақстандықтың коронавирустан жазылғаны туралы жазған болатынбыз.