COVID-19. Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 76,6 млн-ға жетті

20 Желтоқсан 2020, 21:25
1362
Бөлісу:
COVID-19. Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 76,6 млн-ға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғалы 53,8 миллионға жуық адам емделіп шықса, 1,7 миллионға жуық адам қайтыс болды. 

Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.

Worldometer мәліметіне сәйкес, әлемде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 76,6 миллионнан асты.

Әлем бойынша COVID-19 індетінің 76 635 408 жағдайы анықталып, 1 692 075 адам қайтыс болды, 53 758 431 адам сауығып шықты.

Сонымен бірге АҚШ-та COVID-19 жұқтырған пациенттердің ең көп саны тіркелді, олардың саны 18 078 009-ға жетті. Қайтыс болғандардың саны 323 404, ал 10 545 445 адам емделіп шықты.

Үндістан әлемде екінші орында – 10 031 659 жұқтырған, оның 145 513-і қайтыс болды және 9 580 402 адам сауықты.

Үшінші орында Бразилия, 7 213 155 науқас тіркелді, оның ішінде 186 356 адам қайтыс болды және 6 222 764 емделіп шықты

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 652 адамнан коронавирус індеті анықталды. Сондай-ақ 824 адам індеттен емделіп шықты.

Өзгелердің жаңалығы