Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кеше жасаған мәлімдемесіне орай түрлі маман иесі пікір білдруе. Солардың бірі – COVID-19 бойынша құрылған штаб мүшесі, дәрігер-инфекционсит Динагүл Баешева.
Мен инфекционист-дәрігер ретінде үкімет қабылдап жатқан барлық шара жөнімен қабылданып жатыр дер едім. Себебі, олардың дені – алдын алу шаралары болды. Ал, коронавирус індеті алдын алу шаралары қолға алынған кезде ғана тізе бүгеді. Әлем елдерінде коронавирусқа қатысты болып жатқан оқиғаларды саралау үшін ғалым немесе сарапшы болыу қажет емес, - дейді ол.Динагүл Аяпбергенқызы вирустың алдын алу шаралары жүргізілмеген елдерде инфекция жұқтыру жағдайлары ерекше қарқынмен өскенін еске салды.
Бұл – елдегі жағдайдың бақылаудан шығуына алып келді. Осы мәселемен қарама-қарсы келгенде ғана үкімет те, халық та пробеманың қаншалықты ауқымды екенін түсінді. Біздің ел вирус ошағы Қытайдың Ухань қаласында шыға бастаған кезде-ақ, алдын алу шараларын қабылдай бастады. Арнайы штаб құрылды. Ел билігінің төтенше жағдай енгізіп, тиісті жұмыстар атқаруының арқасында Қазақстанда инфекция жұқтыру қарқыны төмен, - дейді дәрігер.