Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 5 шілдедегі ақпаратты жариялады.
5 шілдедегі мәлімет бойынша 31 718 адам коронавирус инфекциясынан (30 372 КВИ+ және 1 346 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 645 пациент стационарда, 22 073 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 600 адамның жағдайы ауыр, 122 пациенттің жағдайы өте ауыр, 69 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
3 шілдеде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 82 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 81 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 57428, 1006 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52617-ге жетті.