Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 944 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың арасында 53 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 715 науқас жатыр. 6 229 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 333 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 75 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген хабарламада.