COVID-19: 3 мың ерікті қазақстандық вакцинаның сынақтарына қатысуға дайын

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QazCovid-in коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі басталды.</h4>

 26 Желтоқсан 2020 2020, 17:42
26 Желтоқсан 2020 2020, 17:42
1772

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QazCovid-in коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі басталды.

Вакцинаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жасаған.

Министрліктің хабарлауынша, 244 қазақстандық қатысқан клиникалық сынақтардың бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижесінде вакцинаның қауіпсіз екендігі, антиденелер түзетіндігі, жасушалық және гуморальдық иммунитетті қалыптастыратыны белгілі болды.

Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіне үш мың ерікті қатысады.

Сондай-ақ зерттеудің барлық қатысушысына бір реттік сыйақы мен медициналық сақтандыруға кепілдік берілетіні атап өтілген.

Наверх