COVID-19. 246 науқастың жағдайы нашар

8 Желтоқсан 2020, 09:00
1208
Бөлісу:
COVID-19. 246 науқастың жағдайы нашар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 8.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 210 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 001 бала бар. Стационарларда 3 803 науқас жатыр. 10 427 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19. 246 науқастың жағдайы нашар

Өзгелердің жаңалығы