«Comic Con Astana». Шетелдік қонақтар фестивальге қандай баға берді?

19 Қыркүйек 2023, 15:29
5467
Бөлісу:
«Comic Con Astana». Шетелдік қонақтар фестивальге қандай баға берді?
PHOTO
Фото: Ж.Жанабай

Қазақстан астанасында әлемдік деңгейдегі «Comic Con Astana» фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемдегі ең танымал гик-мәдени фестивальдердің бірі – Comic Con Astana Қазақстанда екінші рет өтті. Астана даму орталығы қолдау білдірген бұл іс-шара елорданы тек қана ресми, іскерлік шаралар өтетін алаң ғана емес, жастарға арналған қызықты мәдени оқиғаларды тарта алатын жаңа орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуда маңызды қадамдардың бірі болды.

«Comic Con Astana». Шетелдік қонақтар фестивальге қандай баға берді?
Фото авторы: Ж.Жанабай

15-17 қыркүйек аралығында өткен фестиваль бағдарламасы барша әлемде комикс, кино, бейне ойындар, аниме және заманауи танымал мәдениеттің өзге де бағыттарын қамти отырып, жанкүйерлермен кездесу, шеберлік сыныптары, комикстер мен манга авторларының аллеясы, косплей байқауын және бірнеше алаңда көптеген кездесу мен іс-шараны қамтыды.

«Comic Con Astana». Шетелдік қонақтар фестивальге қандай баға берді?

Фестиваль қатысушылары «Галактика сақшылары» жұлдыздары Шон Ганн мен Майкл Рукер, сондай-ақ «Фантастикалық құбыжықтар: Дамблдор құпиялары» фильмінің актері Александр Кузнецов сынды әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен кездесіп, қолтаңбаларын алды.

Comic Con фестивалінде дәстүрлі аумақ – суретшілер мен комикс жасаушылар өз жұмыстарын ұсынған және жанкүйерлермен жеке сөйлесе алатын жәрмеңке алаңы бар Авторлар аллеясы ерекше танымалдыққа ие болды.

«Comic Con Astana». Шетелдік қонақтар фестивальге қандай баға берді?

Мұнда фестиваль қонақтары Авторлар аллеясындағы суретшілердің танымал әңгімелерінің балама жалғасы – фанарттар мен «додзинстерді» сатып алып, жаңа трендтер туралы біліп, кәсіби маманнан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

«Comic Con Astana». Шетелдік қонақтар фестивальге қандай баға берді?

Бұл жолы жәрмеңкеге әлемнің әртүрлі елінен 150-ден астам автор қатысты.

«Шоқан» комикс идеяның авторы, жоба жетекшісі Ғалым Байтұқтың сөзінше, аталған комикс саяхатшы, барлаушы Шоқан Уәлиханов туралы қиял стилінде әзірленген қызықты жоба.

«Comic Con Astana». Шетелдік қонақтар фестивальге қандай баға берді?
Фото авторы: Іңкәр Алагөзова

«Шоқан – уақыт өзегінде» комиксі әлемге әйгілі тарихи тұлға, саяхатшы, барлаушы Шоқан Уәлиханов туралы қиял стилінде әзірленген қызықты жоба. Комикс тарих пен дәстүрді дәріптеу арқылы Қазақстанның әлемдік мәдениеттегі имиджін ілгерілетуге ықпал етеді. Бұл жұмыс әлемдік комикстер мен кино индустриясының бір бөлігі бола алатын Орталық Азиядан шыққан қаһарман жасауға арналған бірегей туынды. Қазір 2025 жылы өтетін Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан және Қашқардың қатыгез билеушісі» атты комикстердің алғашқы шығарылымы басылымға дайындалуда. Осы комикстерді салу мәдениеті дамыған мемлекеттерде өзіне тиесілі атауы бар. Мәселен, францияда комиксты «BD» деп айтады, ал жапонияда «манга», қытайлықтар «маньхуа», корейліктер «манхва», ресейліктер «руманга» деп айтайды. Біз де комикс терминін қазақ тілінде «Qazbeine» деген атау ұсынып жатырмыз, - деді ол.

Ал «Tasqyn» студиясын менеджері Айман Әлиқызы фестивальге қонақ ретінде қатысып жатқанын айтты.

«Comic Con Astana». Шетелдік қонақтар фестивальге қандай баға берді?
Фото авторы: Ж.Жанабай

Мен жаңадан ашылған қазақстандық анимациялық «Tasqyn» студиясында жұмыс істеймін. Біздің бірнеше жобамыз бар, олар «Дала шырқауы», комикстер «Адам тас», «Жастық шақ» және балаларға арналған «Бес тәй-тәй» мен «Күншіктер» деген мультфильмдер желісі бар. Өткен шілдеде біздің «Серіктес» деген мультфильміміз Францияда өткен ЭКСПО анимейтед фестивалінде «Үздік қысқа фильм» номинациясынан жүлделі орын алды. Комикон Астанаға қонақ ретінде қатысып жатырмыз. Көріп тұрғандарыңыздай, қазақ тілді мерчтерімізді фестиваль қонақтарына ұсынудамыз, - деді ол.

«Comic Con Astana». Шетелдік қонақтар фестивальге қандай баға берді?
Сурет авторы: Ж.Жанабай

Биылғы бағдарламаның жаңалықтарының қатарында аниме, азиялық комикстер – манга, манхва және маньхуа, K-Pop музыкалық мәдениеті, J–Pop және Қазақстандық нұсқа – Q-pop, дорамалар және басқа да көптеген бағыттарды қамтитын азиялық поп мәдениетке арналған Pop Asia тақырыптық көрме аймағы бар. Арнайы қонақтардың қатарында аниме, K-pop композициялары, фильмдер мен бейне ойындардың саундтректері мен өз әндерін орындайтын жарқын және талантты музыкант және әнші Jackie-O болды.

Бейне ойын жанкүйерлері, сондай-ақ оларды жасаушылар үшін техно-гиктерге арналған интерактивті аймақ болды. Бұл аумақта ойын өндірушілерінің әртүрлі контент ұсынылды, атақты шеберлермен кездесулер, жаңа өнімдер мен воркшоптар сынақтары өтті.

Ал фестивальдің ең басты бөлігі жылпы жүлде қоры 10,000,000 теңге болатын кәсіби косплейерлер байқауы болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 300-ден астам өтініш іріктеліп, 162 қатысушы байқауға өтті. Оның 40 пайызы шетелдік косплейеерлер.

Косплеерлер байқауының қазылар алқасының мүшесі Айгера Дунамис Комикон 2023 өте керемет деңгейде өтіп жатқанын айтты.

Мен косплей индустриясында жүргеніме он жылдан асты. Түрлі шетелдік косплеерлер байқауларына Қазақстанның атынан қатысып, жүлделі орындарға ие болғанмын. Биыл комикон Астананың косплеерлер байқауында Қазақстан атынан жалғыз қазы болдым. Биыл қатысушылар өте көп. Барлығы өте әдемі, мықты дайындалып келген. Қазы ретінде бағалау бәрімізге қиын болды.Себебі киімдері де, сахнадағы қойылымдары да ерекше. Біз бағалау кезінде косплеердің киімдерінің сапалы орындалуына, әрбір детальдарының нақтылығына, киімді косплеер өз қолымен жасағандыға ерекше назар аудардық. Себебі, косплейде ең алдымен адамның өз қолымен жасаған туындысы жоғары бағаланады. Бұл дегеніміз адамның жан жақтылығын, шығармашылық ой-өрісінің кеңдігін, оның суретші, тігінші, инжинер, актер, модель сынды бесаспап екенін көрсетеді, - деді Дунамис.

3 күнге жалғасқан байқаудың гран-приі 3,5 млн теңгені RaidShadowLegends-тегі Харима кейіпкерінің косплейі үшін Келлер никнеймі бар 23 жастағы косплейші алды.

Бірінші орын үшін 1,6 млн теңге жүлдені Diablo-дағы Lilith кейіпкерін бейнелегені үшін Isabelka никнеймі бар 28 жастағы студент косплейер алды.

Екінші орын және 1 млн теңгені God of War Ragnarok-тағы валкирия патшайымы Фрейя кейіпкері үшін 29 жастағы алматылық Таис Туканова жеңіп алды.

Үшінші орын және 700 мың теңгені Horizon: Forbiddenwest-тегі Элой бейнесін бейнелегені үшін Алматыдан келген 20 жастағы көркемсурет мектебінің мұғалімі Reddisson деген никнеймі бар косплейер қыз алды.

Сондай-ақ қазылар алқасы техникалық жағынан ең күрделі, ең егжей-тегжейлі тігілген костюм, үздік қойылым және тағыда басқа номинациялар бойынша сыйлықтар берді.

Астанада өтіп жатқан «Comic Con Astana» фестивалі бұл нағыз бренд, әлем бойынша ресми түрде өткізіліп жатқан фестивальдермен форматы тең, концепциясы бір Орталық Азиядағы жалғыз лецензиат. Бұл фестиваль жөнінде тілшіміз фестивальдің пиар директоры Жамиля Хангельдинамен сұхбаттасқан еді.

- «Comic Con Astana» фестивалінің мақсаты қандай?

Шын мәнінде қазіргі таңда Фестивальге қызығушылық өте жоғары екеніне біздің көзіміз жетіп отыр. Себебі осы 3 күннің ішінде Астананың Конгресс-орталығы 70 мың адамды қабылдап рекорд қойып жатыр. Бұл орталықтың тарихында болмаған оқиға екен. Себебі жасөспірімдер өздерінің сүйікті кино, мультфильм, аниме, компьютерлік ойындарының кейіпкерлерін үлкен сүйіспеншілікпен қарсы алып жатыр. Фестивальдің негізгі мақсаты - жаңа буынмен бір тілде сөйлесуге деген ниет. Жастардың ой-түсініктерін, қандай тілде сөйлесіп жатқанын, қандай контентті көріп жатқанын білу бізге тек ұйымдастырушы ретінде ғана емес, ата-ана ретінде де өте қызықты, тың дүние. Өйткені ақпарат ғасырында әрбір ғаламторға тренд болып шыққан видео ақпаратты іріктеу мүмкін емес. Ал шығармашылық арқылы, осындай гик-мәдениет арқылы балаларымыздың шығармашылық жанын түсінуге мүмкіндік жасап отырмыз де ойлаймыз.

- Орталық Азиядағы жалғыз лецензиат ретінде халықаралық фестивальді ұйымдастыру барысы қалай өтті?

Фестивальдің халықаралық стандартқа сай болуы үшін барымызды салдық. Бағдарламамыз тек сыртқы келбетімен емес, ішіндегі контентімен де осы әлемдік деңгейге сай, қызықты болсын дедік. Үш күн бойы неше түрлі шеберлік сабақтары өтті. Оның ішінде компьютерлік 3D модельдеу, арнайы планшеттерде сурет салу, актерлік шеберлік сағаттары, косплей байқауы, ойын алаңдары, көрмелер, авторлар аллеясы ұйымдастырылды, тіпті кішкентай бүлдіршіндерге арналған ойын алаңдары да құрылды. Голливудтық жұлдыздармен де жұмыс істеу біз үшін қызық тәжірибе. Себебі, ол кісілердің де өздерінің регламенттері бар, ішкі ережерелі бар. Біз қазақстандық ұйымдастырушы ретінде ол райдерге сай келуге барымызды салдық. Себебі қазақ қонақжай халық қой. Біз сол қонақжайлығымызды көрсетe білуіміз, ол кісілерді БАҚ өкілдерімен кездестіруге пресс-конференцияларды ұйымдастыру. Бәрі өте маңызды процестер болды.

- Шетелдік қонақтар «Comic Con Astana» фестиваліне қандай баға берді?

Шон Ганн мен Майкл Рукер бұл фестивальде қазақ әдебиетіне, қазақ комикстеріне аса қызығушылық танытып, халықаралық аренаға шығару қажет екенін айтты. Кеше Пьер Спенглер «Алтын адам» комиксінің болашағы үлкен екенін айтып жатыр. Сонымен қатар «Шоқан», «Мерген» сынды контенті, идеясы ерекше комикстер барша қатысушының қызығушылығын тудырды.

- Фестиваль ойдағыдай өтті ме?

Аудиториямыздың кең екендігін көріп отырмыз. Біздің күткен жасөспірімдердің жасы 18-20-да деп ойлаған едік, алайда одан да жоғары жастағы азаматтардың көп келіп жатқанын байқадық. Бұл фестиваль баршаға қызықты екені бізді де қуантты. Себебі біз көріп өскен кино туындылардың актерлерін шынай өмірде көру, қызыға көрген мультфильмдердің, ойнаған ойындардың кейіпкерлерімен кездесу кез келген адам үшін үлкен бақыт. Бұл күні Comic Con тек қана жасөспірімдерге арналған фестиваль емес, үлкендерге де арналған, яғни отбасылық фестивальге мерекеге айналып отырғанын көріп отырмыз.

- Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.

Жалпы айтқанда, суретшілер болсын, басқа да контентмейкерлер болсын, осы 3 күн бойы жасаған дүниелері әрбіріне жақсы естелік болып қалады деген сенімдеміз. Келесі жылға жоспарымыз, бұдан да ірі, бұдан да үлкен шоу бағдарламаны даярлау. Мүмкін басқа қалада, мүмкін басқа орында болуы да мүмкін. Бірақ бүгінгіден де ірі компаниялармен, ірі брендтермен әріптестік орнатып, жұмыс істеуге талпынамыз.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Өзгелердің жаңалығы