Елордада туристер автобустарда CityPass картасы арқылы тегін жүре алады

4 Наурыз 2020, 14:50
1443
Бөлісу:
Елордада туристер автобустарда CityPass картасы арқылы тегін жүре алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді CityPass карталары арқылы астананың көрікті жерлеріне, музейлері мен экскурсияларына еркін кіріп қана қоймай, карта әрекет ететін 24-72 сағат аралығында қалалық маршруттарда да тегін жүруге болады. 

(Бұл экспресс және қаланың шеткері аймақтарына қатынайтын автобустарға қатысты емес) "CityPASS Kazakhstan" жобасы 2017 жылы "Astana Convention Bureau" ЖШС қолдауымен іске қосылды. 

2017 жылдан бастап картаның қызметін 280 мыңнан астам қолданушы пайдаланды, ал 2018 жылы жоба туризм саласындағы басты "Жыл жобасы" номинациясына ие болды. 

Еске сала кетейік, Nur-Sultan Pass картасын сатып ала отырып, турист астананың мына көрікті жерлерін еркін аралай алады: 

✓ Бейбітшілік және келісім сарайы 

✓ Тәуелсіздік сарайы

 ✓ ҚР Ұлттық музейі 

✓ "Мәңгілік ел" салтанат қақпасы 

✓ Бәйтерек монументі 

✓ океанариум 

✓ Джунгли паркі 

✓ "Ailand" шолу дөңгелегі 

✓ Нұр Әлем музейі (EXPO 2017) 

✓ Атамекен кешені 

✓ Алжир музей кешені 

✓ HOP-ON-HOP-OFF туры 

✓ қемемен саяхат (жазғы уақытта) 

Бағасы картаның әрекет ету мерзіміне байланысты: 24 сағат - 5990 теңгеден басталады, 72 сағат - 8990 теңгеден басталады.​

Сонымен қатар, Nur-Sultan Pass пакетінің иесі сыйлық ретінде: − қала бойынша жолбағдар; − Нұр-Сұлтан қаласының картасы; − Beeline сим-картасы; − қаланың әртүрлі дәмханалары, барлары мен мейрамханаларында жеңілдіктер алады. 

Смарт-картаны сату нүктелерінің бірінен немесе www.citypass.kz веб-сайтынан алуға болады. Картаны пайдалану бойынша кеңес және көмек алу үшін + 7 (7172) 47-85-65 нөміріне қоңырау шалыңыз.



Өзгелердің жаңалығы