Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда короновирустың жаңа типіне шалдыққандар саны 830-ға жетті, деп хабарлады РИА Новости Қытайдың денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты мемкомитеттің баспасөз қызметі сілтеме жасай отырып.
Қайтыс болған 25 адамның 24-і Хубэй, ал біреуі Хэбей провинциясынан. Ауру жұқтырғандардың 177-сі өте ауыр жағдайда.
Бұған дейін Қытайда 639 адамның ауруға шалдығып, 17 адамның көз жұмғаны хабарланған болатын. Бір тәулікте қаза болғандар саны 7 адамға жеткен.
Қытайдың 29 әкімшілік аумақтарында ауыр дертті жұқтырғандар анықталды. Ал ауруға шалдығуы мүмкін деген жағдайлар саны 1072-ні құрады.
23 қаңтарда Қытайдың 27 провинциясы тағы да 259 адамның ауруға ұшырап, 8 адамның қаза болғанын хабарлады. Бұдан бөлек, Қытайдың тағы 19 провинциясында да 680 адамның ауруға шалдыққан болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Қауіпті вирус Тибет автономды ауданы мен елдің батысындағы Цинхай провинциясына да жетті.
Бұған дейін Ресей елшілігі Қытай аумағында жүрген барлық ресейлікке Роспотребнадзормен бірлесіп жасалған аурудың алдын алу шараларын сақтап, қажет болған жағдайда дипмиссия көмегіне жүгінуге кеңес берген болатын.
Қытайдың Ухань, Чиби, Эчжоу, Хуанган, Сяньтао, Чжицзян, Цяньцзян, Хуанши, Эньши и Сяньнин қалаларында көлік қозғалысы тежелді.
Ең қатаң карантин Ухань қаласында жарияланды. Онда бейсенбі сағат 10.00-ден бастап, автобустар, паромдар, метро қызметі тоқтатылды. Қалаға жолаушылар автобусы мен кемелерді кіргізбейді. Сондай-ақ, қалалық әуежайдан ұшуға, теміржол станциясы арқылы қаладан шығуға шектеу қойылды. Ел үкіметі Ухань қаласына баруға немесе еш себепсіз қаладан шықпауға кеңес берді.
Коронавирустың жаңа түрімен сырқаттану жағдайлары Қытай аумағынан шығып, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань және АҚШ-та тіркелген.
Қазақстанда сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ. Алайда, вирус анықталған жағдайда, елімізде оны емдеуге қауқарлы арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Бұл туралы бүгінгі баспасөз конференциясында Бас санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті.
Еліміздің Бас санитарлық дәрігері егер шұғыл жағдай болмаса, азаматтарға Қытайға, әсіресе, Ухань қаласына және Хубэй провинциясына бармауға кеңес берді. Сонымен бірге, үй жануарларынан, жабайы жануарлардан алыс болып, қолды жиі жуған дұрыс. Егер суық тию секілді жұқпалы аурулар болмаса, жөнсіз дүрлікпей, ұдайы қорғаныс маскасын кие бермеу қажеттігін де айтты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытайдан тарап жатқан коронавирусқа байланысты шекара арқылы өту пунктерінде санитариялық бақылау шаралары күшейтілді.