Чехиялық мейрамханада тамағын тауыспағандарға айыппұл салынады

12 Тамыз 2019, 12:04
2639
Бөлісу:
Чехиялық мейрамханада тамағын тауыспағандарға айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мейрамханаға келушілер швед үстелінен қалаған тамағын ала алады. Алайда, алған тамағын тауыспаған жағдайда, айыппұл төлейді.

Чехияның Добромержице қаласындағы мейрамхана осы күнге дейін «қалағаныңша алып же» принципі бойынша жұмыс істеп келген. Енді мейрамхана ішіндегі ержелерге өзгеріс енгізіліп, алған тамағын қалдырып кетіп салғырттық танытқан келушілерге айыппұл салына бастады. Бұл туралы Vinegret.cz хабарлады.

«Мейрамханадағы швед үстелі тек түскі ас кезінде жұмыс істейді. Ұсынылатын тағамдардың ішінде, еттен жасалатын тағамдар және гарнирдің әр түрі бар. Мейрамханаға кіру үшін келушілер 97 крон төлеп, қалаған тамағын алып жей береді. Тамақтанып болғаннан кейін, тәрелкені асханаға апарып көрсету керек. Егер ыдыста желінбеген тамақ қалса, мейрамхана қонағы 50 крон төлеуге мәжбүр болады», - делінген хабарламада.

Мейрамхана ережесіндегі өзгеріс туралы ақпарат кіреберісте және мейрамхана ішінде ілінген.

Чехияның сауда инспекциясы мейрамханадағы бұндай практикадан ешқандай заңға қарсы әрекет таппады.

«Егер мейрамхана клиенті түскі асын тауыспағаны үшін айыппұл төлеуден бас тартса, мейрамхана тарапы оны сотқа бере алады», - деп атап өтті жергілікті инспекция.

 

Өзгелердің жаңалығы