Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехия президенті бекіткен Үкіметтің жаңа құрамы өз жұмысын бастап кетті.
Билік өзінің бірінші отырысында елде енгізілген төтенше жағдай режимнің мерзімін ұзартудан бас тартты. Премьер-министр Петр Фиаланың айтуынша министрлер кабинеті коронавируспен күресті күшейтетін болады. Алайда төтенше жағдай тек эпид ахуал нашарлаған күнде ғана жарияланбақ. Осылайша желтоқсанның 26-сы аймақтағы барлық мейрамханалар мен өзге де қоғамдық орындар өз жұмысын қайта жандандыратын болады.
Айта кетейік, таяуда министрлер кабинетінің жаңа мүшелері президент сарайында ант берді. Қазіргі Үкіметке 4 партияның өкілдері сайланды.