Чехия табыс салығын рекордтық көрсеткішке дейін төмендетпек

21 Қараша 2020, 19:10
1609
Бөлісу:
Чехия табыс салығын рекордтық көрсеткішке дейін төмендетпек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехияның миллиардер Премьер-министрі Андрей Бабиш осылайша пандемия салдарынан тұралап қалған ел экономикасын қалпына келтіруге болады деген уәж айтты, деп жазды korrespondent.net.

Сыншылар тарапынан «популист» деген атаққа ие болса да, ел парламентінің төменгі палатасы бұл ұсынысты қолдады. Табыс салығының ставкасын төмендету ел тарихында болмаған қадам. Ұсыныс негізінде табыс 20,1%-дан 15%-ға төмендету көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, өзге де салықтар төмендетілмек. Елдің кейбір саясаткерлері, өзінің жақтастары мен саяси коалиция бұл реформаға қарсы шықты. Олардың пікірінше жаңашылдық тек табысы көптерге ғана тиімді. Сондай-ақ олар Бубиштің бұл ұсынысын елде келесі жылы өтетін сайлау алдындағы қадамы деп бағалап отыр. 

Дегенмен, Үкімет басшысы мен қаржы министрі төмен салықтық жүктеме экономиканың көптеген секторын ынталандыруға оң әсерін тигізеді деген пікірде. 

Чехия сенаты бұл ұсынысты заңнамалық тұрғыдан қарастырып, дауысқа салмақ. 

Андрей Бабиш Forbes Real-Time рейтингі бойынша Чехияның миллиардерлері арасында көш бастап, екінші орынға тұрақтаған.

Өзгелердің жаңалығы