Чехия карантин мерзімін ұзартты

15 Ақпан 2021, 11:54
1305
Бөлісу:
Чехия карантин мерзімін ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік бүгін түнде аяқталған елдегі төтенше жағдай режимін ұзартуға қатысты  ұсыныс тастады.

Чехия үкіметі коронавирустық пандемиямен күрес аясында елде енгізілген төтенше жағдайды тағы екі аптаға - осы айдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 14 ақпан, жексенбіде Чех радиосы хабарлады.

Республиканың барлық 14 аймағының губернаторлары, соның ішінде Прага мэрі Зденек Гржиб Министрлер кабинетіне осындай талап қойды, олар жергілікті пандемияға қарсы тұруға қаражат жеткіліксіз деп санайды.

Премьер-министр Андрей Бабиш кезектен тыс отырыс барысында «мен парасаттылықтың саясатта жеңіске жеткеніне қуаныштымын», деді.

Айта кетейік, Чехиядағы ТЖ режимі бүгін тоқтатылуы тиіс еді, себебі бұрын оны ұзартуды Республика Парламенті қолдамаған болатын.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, елде 1,09 миллион адам вирус жұқтырған, олардың 966 мыңнан астамы сауығып шықса, 18 143-і коронавирустық инфекциядан туындаған аурудың асқынуынан қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы