Болгарияда өткен Challenge Cup әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына 3 медаль түсті. Бұл туралы Қазақстанның гимнастика федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Варнада өтіп жатқан жарыста қоржынымыз 2 алтын және 1 қола жүлдемен толықты. Ұлттық құрама үздігі Нариман Құрбанов гимнастикалық ат снаряды жаттығуы финалында 15.433 ұпаймен қарсыласқа шақ келтірмей, алтын медаль иеленді. Ал еркін жаттығуы финалында Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен тұғыр биігінен көрінсе, тағы бір отандасымыз Асан Сәлімов 13.533 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Гимнасшыларымыз бен бапкерлерді жетістікпен құттықтаймыз! - делінген хабарламада.