Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелерінің клубы жұмысын бастады.
Клубтың бүгінгі алғашқы қонағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі, Президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары және Еуропа қайта құру және даму банкінің экс-президенті Сэр Сума Чакрабарти болды.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері Сэр Чакрабартидің сараптамалық пікірін қорытып, талқыланған мәселелер мен ұсыныстарды іске асыру тетігін қосымша қарастырып, дайындауды жоспарлап отыр.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері – Қазақстанның патриот азаматттары. Қоғамның әл-ауқатын арттыру және өмір сүру сапасын жақсартуды, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін қамтамасыз етуді бірінші орынға қоямыз. Ол үшін біз барлық қолжетімді сындарлы алаңдарды ашық диалог ретінде пайдалануға дайынбыз. Біздің резервтегі әріптестеріміз өскелең ұрпақ пен алдыңғы буын арасындағы, мемлекет пен бизнес арасындағы байланыстырушы буынның рөлін атқарып отыр. Мемлекеттік қызметтің алаңында жүргендіктен процестердегі, стратегиялардағы қиындықтарды көріп, түсініп отырмыз және осы өзгерістерге өз үлесімізді қоса аламыз, - дейді клуб модераторы Айдын Байедилов.
Резервші Алмат Ахматолла президенттік жастар кадрлық резерві бастамашыл жастарды біріктіріп, оларға Қазақстандағы үдерістер мен тұрақты дамуды одан әрі жетілдіру үшін пікір алмасу алаңын ұсынғанын айтты.
Ұйымдастырушылар коронавирус инфекцияның таралу қаупін азайту үшін барлық санитарлық-мамандандырылған шараларды ұстанды.