Cарыағашта 900 орындық мектеп пайдалануға беріледі

4 Қазан 2022, 10:41
1551
Бөлісу:
Cарыағашта 900 орындық мектеп пайдалануға беріледі

Сарыағаш ауданындағы Самал мөлтек шағынауданында жуырда 900 орындық  мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірде жыл сайын бала санының өсуіне байланысты №60 «Самал» жалпы орта мектебі үш ауысымға өту қаупі туындаған болатын. Осыған орай, жаңа мектеп ғимаратын салу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бүгінгі таңда мектеп ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. 

Қазіргі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «Жаңа арна 2002» ЖШС-і жүргізуде. 

Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы – 2,6 гектарды құрайды. Аталған аумақта оқу корпустары, физика, химия, биология кабинеттері, асхана, спорт алаңшасы орналасқан. Аталған білім мекемесінің нысанын тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған,  - деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кетсек бүгінгі таңда аудан бойынша 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 3 мектеп ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 4 мектептің құрылысы келесі жылы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы