Cарапшы: Президент Amanat партиясының мүшелігінен шығу арқылы үлгі көрсетті

30 Сәуір 2022, 15:06
2421
Бөлісу:
Cарапшы: Президент Amanat партиясының мүшелігінен шығу арқылы үлгі көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әділ Кәукенов хабарлады. 

Оның айтуынша, 2022 жылғы 16 наурыздағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын жариялай отырып, елдегі одан әрі демократиялық өзгерістердің векторларын көрсетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билігінің алғашқы күндерінен бастап өзін эволюциялық демократиялық қайта құрулардың маңыздылығы мен қайтымсыздығы ұстанымын нық ұстанған жүйелі саясаткер ретінде танытатынын атап өткен жөн. Жолдауда Президент саяси реформалардың бірқатар негізгі бағыттарын бөліп көрсетеді, олардың ішінен президенттік билік өкілеттігінің едәуір азаюын, биліктің өкілді тармағын қайта форматтауды, партия құрылысы үшін жаңа мүмкіндіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуды және жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыруды ерекше атап өтуге болады, - деп атап өтті сарапшы. 

Сондай-ақ ол негізгі қалаушы сәт – бұл суперпрезиденттік басқару нысанынан мықты парламенті бар президенттік республикаға көшуді институционалдық тұрғыдан бекіту деп отыр.

Бұл ретте, мықты парламентті қалыптастыру үшін жаңа партиялар құруға деген көзқарас ырықтандырылады, сайлау жүйесі аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге өзгертіледі. Демократиялық реформалар елдің басты заңы – Конституцияда заңды түрде бекітіледі, түзетулер 33 бапқа қатысты болады. Айта кету керек, Мемлекет басшысы жергілікті жерлерде шешім қабылдау кезінде Президенттің өкілеттігін саналы түрде азайтуда. Атап айтқанда, Президенттің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актілерін тоқтата тұру немесе күшін жою құқығы, сондай-ақ аудандық және ауылдық әкімдерді қызметтен шығару құқығы алып тасталады, - деді ол. 

Спикер бұл демократия және өңірлердегі жауапкершілікті арттыру тұрғысынан маңызды қадам екендігін алға тартты. Өйткені енді жергілікті билік өз іс-әрекеттерінде орталыққа ұнамды  болу емес, сайлаушыларға бағдарланады деп есептейді.  

Тағы бір маңызды аспект – бұл партиялардың мүмкіндіктерін арттыру. Атап айтқанда, партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санын үштен бірге, 1000-нан 700 адамға дейін қысқарту; партияларды тіркеу үшін қажетті шекті деңгейді 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету; партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз санын үш есеге - 600-ден 200 адамға дейін азайту көзделіп отыр. Сондай-ақ жергілікті деңгейде партиялық монополияны жою жоспарлануда. Сондықтан әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салынады. Президент Amanat партиясының мүшелігінен шығу арқылы үлгі көрсетті, - дейді Әділ Кәукенов.

Мәлімдеуінше, нәтижесінде Президент саяси жүйені ырықтандыруға алып келетін біртіндеп реформалардың барынша салмақты бағытымен келе жатқаны анық.

Халық әсерді мүмкіндігінше тез сезінуі үшін қарапайым адамның әсеріне баса назар аударылады. Бұл тұрғыда жергілікті биліктің күшеюі, олардың бюджеттері мен үлкен еркіндікке ие болуы, сондай-ақ бірқатар маңызды елді мекендерді тиісті назар мен қаржыландырусыз қалдырған тым үлкен аймақтардың бөлінуі үлкен рөл атқарады. Бұл ретте Қ.Тоқаевтың жасы мен тәжірибесі оны ойдан шығарылған популизмнен, жеке ұпай жинауға немесе өзіне биліктің жаңа тетіктерін жасауға деген ұмтылыстан сақтайды. Керісінше, Президенттің өзіне және туған-туыстарына шектеулерді заңнамалық деңгейде өз еркімен бекітуі Қазақстандағы өзгерістер үшін жақсы негіз жасайды, - деді бас сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы