БЖЗҚ интернет алаяқтығы туралы ескертті

24 Тамыз 2022, 01:19
1561
Бөлісу:
БЖЗҚ интернет алаяқтығы туралы ескертті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарға жаңа алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Белгісіз біреулер «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлеріне қоңырау шалып, салымшының зейнетақы шотының құлпын ашу үшін қандай да бір банктік шотты толықтыруды сұрайды.

БЖЗҚ мұндай қоңыраулар мекеме қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді. Мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені үзуді сұраймыз. Сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарына сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның өндіріп алуы мүмкін емес. Сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды, – делінген қор хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы