БЖЗҚ жылжымалы кеңселері биыл 762 елді мекенге қызмет көрсетті

9 Қараша 2021, 10:28
836
Бөлісу:
БЖЗҚ жылжымалы кеңселері биыл 762 елді мекенге қызмет көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындарына арнап үш жыл бұрын «Жылжымалы кеңсе» жобасы басталған болатын. «Жылжымалы кеңсе» - салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсетуге қажетті барлық құралмен жабдықталған шағын автобус.

Айта кетерлік жайт, шалғай ауылдардың тұрғындары «Жылжымалы кеңседе» БЖЗҚ бөлімшелерінде алуға болатын барлық қызмет түрін ала алады. Олардың ішінде, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме, салымшы деректемелеріне өзгерту/толықтырулар енгізу, хабарландыру тәсілі туралы келісімге отыру, мүгедектік немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемақы алуға өтініш беру және т. б. қызмет түрлері бар.

2021 жылдан бері БЖЗҚ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарындағы шалғай орналасқан елді мекендерді жылжымалы кеңселермен қамтыды. Сонымен қатар мобильдік бөлімшелер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы алыс ауылдарға қызмет көрсетуде, - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Осы жылдың 1 қаңтары мен 1 қазаны аралығында осы жоба аясында 70 мыңға тарта салымшы мен алушыларға барлығы 85 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте жылжымалы кеңселер Қазақстанның 762 елді мекенін аралап шықты.

Естеріңізге сала кетсек, жылжымалы кеңселер алдын ала жоспарланған кесте бойынша сапарға шығады. Ал барлық бағыт жергілікті атқарушы органдармен келісіледі. Әкімдіктегілер өз кезегінде жергілікті тұрғындарды «Жылжымалы кеңсенің» келетіні жайлы хабардар етеді.


Өзгелердің жаңалығы