БЖЗҚ қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіруде

23 Шілде 2019, 14:07
2250
Бөлісу:
БЖЗҚ қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіруде

Алматы, BAQ.KZ. Енді Қор сайтында негізгі төлем түрлері бойынша ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеруге болады.

enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» бөлімінде салымшылар мен төлем алушыларға ыңғайлы болу үшін қажетті құжаттарды пошта байланысы арқылы Қорға ұсынылуы мүмкін төлем түрлеріне сәйкестігін тексеру мүмкіндігі бар.

Сайтта құжаттарды тексеру қызметін келесі тұлғалар ала алады:

- ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне құқығы барлар;

- мерзімсіз уақытқа тағайындалған 1,2 топтардағы мүгедектігі барлар;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға қоңыс аударғандар;

- қайтыс болған салымшы/алушының зейнетақы жинақтарының мұрагерлері.

«Құжаттарды алдын ала онлайн-тексеру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ХҚО арқылы жасына байланысты төлемдерді алуға құжаттарды ұсынған кезде және жерлеуге төлемдер алу кезінде жүзеге асырылмайды, себебі мұндай құжаттар Қорға жеке жүгінген кезде беріледі»,-делінген хабарламада.

Құжаттарды алдын-ала тексеру үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау керек:

- сканерді баптау;

- форматы - A4 қағазын пайдалану;

- құжаттарды jpg/tif форматында сканерлеу және сақтау;

- көппарақты құжаттар бір файлда сақталуы тиіс;

- түсі бойынша сканерлеген кезде, суреттің сапасы 300 dpi форматында қолданылуы тиіс, себебі бұл формат құжаттардың анықтығы мен оқылуын қамтамасыз етеді.

Ұсынылатын құжаттар келесі шарттарға сәйкес келуі керек:

- зейнетақы төлемдерінің түрі бойынша, сканерленген құжаттардың толық пакеті зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды БЖЗҚ-ға ұсыну әдісіне байланысты құжаттардың тізбесіне сәйкес ұсынылуы тиіс;

- зейнетақы төлемдерінің түрлері бойынша барлық құжаттарды  түрлі түсті сканерлеу қажет (құжаттың түпнұсқасы талап етілген жағдайда құжаттың түпнұсқасын сканерлеу қажет, бұл ретте-шетелдік паспорттың/азаматтығы жоқ адамның куәлігінің/Қазақстан Республикасы азаматының паспортының түпнұсқасынан белгілері бар сканерленген беттерді ұсынуға жол беріледі);

- түрлі-түсті сканерленген әрбір көшірменің өлшемі 2 МБ-тан аспауы тиіс.

Зейнетақылық төлем түріне және БЖЗҚ-ға өтініш беру әдісіне байланысты құжаттар тізімі «Алушыларға қызметтер» бөлімінде қолжетімді.

Бұл қызметті алу үшін сілтемесіне өту керек.

Аталған қызмет түрі уақытты үнемдейді және барлық қажетті құжаттарды түзетуге/толықтыруға мүмкіндік беріп, қойылған талаптарға сай болуға септігін тигізеді.

Өзгелердің жаңалығы