БЖТ төлеу несімен тиімді?

15 Мамыр 2020, 04:10
1740
Бөлісу:
БЖТ төлеу несімен тиімді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірыңғай жиынтық төлем (АЕК) – бұл азаматтың еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда медициналық қызметтерге, базалық зейнетақыға, әлеуметтік төлемдерге қол жеткізуінің кепілі.

БЖТ төрт төлемді қамтиды: жеке табыс салығы, зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар. БЖТ сомасы көп емес, қала тұрғындары үшін 1 АЕК және ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК құрайды.

Қазір Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды формализациялау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) тарту шеңберінде бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпараттық-түсіндіру жүргізілуде.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 90 954 адам БЖТ төледі.

БЖТ төлеу азаматтарға мынадай мүмкіндіктер береді:
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу және МӘМС енгізілгеннен кейін медицина мекемесін таңдау құқығымен медициналық қызмет көрсетуге рұқсат алу.
- жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және жүйеге қатысу өтіліне сәйкес базалық зейнетақы алуға. БЖЗҚ-да өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа, БЖТ төлеушілері үшін еңбек өтілі белгіленуіне байланысты жоғары мөлшерде базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады.
- еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алу.

БЖТ-ді екінші деңгейдегі банктер мен "Қазпошта" бөлімшелері, сондай-ақ kaspi.kz, smart astana мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.

Анықтама телефондары: 55-68-11, 72-93-58.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз өзін жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін оңайлату және медициналық сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары жүйесіне қатысу үшін енгізілген бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізіледі.


Өзгелердің жаңалығы