БЖТ төлейтіндердің ыңғайлы сервисі іске асырылды

28 Мамыр 2020, 21:47
1727
Бөлісу:
БЖТ төлейтіндердің ыңғайлы сервисі іске асырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеудің қарапайым және ыңғайлы сервисі іске асырылды.  Бұл туралы ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев айтты.

2020 жылдың аяғында уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, салық салу объектілері туралы мәліметтерді түзету қызметін енгізу жоспарлануда. Оны аясында жеке тұлғаларға салық салу объектілері туралы ақпаратты жаңарту үшін электронды өтініш жіберуге мүмкіндік беріледі.  Комитеттің екінші деңгейлі банктермен бірігуінің нәтижесінде салық төлеудің ыңғайлы және қарапайым қызметтері енгізілді, - дейді Талғат Мамаев.

Оның айтуынша, 2018 жылдың шілде айынан бастап салық төлеушілер салық мөлшерін мемлекеттік кірістер комитетінің мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, электронды үкімет порталында бақылап, төлей алады. 

2019 жылдың қыркүйегінен бастап бұл порталдар мен аталған мобильді қосымшаларда жеке тұлғалар мүлік, жер учаскесі, көлік құралдары, жеке табыс бойынша алдағы салықтарды төлеу мүмкіндігіне ие болды. Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төленген салық туралы мәлімет мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесіне 2 минуттың ішінде келіп түседі. Бұрын бұл ақпарат 2-3 күнде бір-ақ түсетін. Уақытты осындай қысқа мерзімге қысқарту арқылы тауар шығару үшін қажетті бұрынғыдай құжаттарды талап етпеуге, бюджеттегі шоттың жайы туралы маңызды мәліметтерді ұсынуға, өсімақы салмауға, шоттарды бұғаттан тез босатуға мүмкіндік берді, - деді төраға орынбасары.

Айта кету керек, салықтарды төлеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктерден онлайн режимінде 2 минут ішінде келіп түседі. Бұл сізге мемлекеттік қызметтерді жылдам көрсетуге, жеке бет есептерден тиісті ақпаратты ұсынуға және шоттардан бұғаттарды уақытылы алып тастауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы