Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты.
Қазақстан бюджеттің ашықтығы туралы халықаралық индекс көрсеткішінде 100 ұпайдан 17 ұпайға ие болып отыр. Өткен жылы бюджеттік бағдарламалардың 25 мың жобасына қатысты 2500-ге жуық пікір келіп түсті. Бұл 1 жобаға қатысты кем дегенде бір пікір келді деген сөз. Рейтингтер мен статистика халықтың бюджетті жұмсауға қатысты шешемге халықтың қатысу үлесін арттыру керек екенін көрсетіп отыр. Бұл әр мемлекеттік органға қатысты болып отыр, - деді ол.
Балаева Қаржы министрлігінде осыған орай жұмыс тобын құру қажет екенін айтты.
Себебі ұсынып отырған әдістер заңнамалық өзгертулерді қажет етіп, «Ашық бюджеттің» қызметтік жетілдіруін талап етіп отыр, - деді ол.
Айта кетейік, Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау қорытындылары мен пандемия жағдайында мемлекеттік органдардың журналистерге ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету, бюджет қаражатын жұмсау мәселелерін талқылауға азаматтарды тарту жөніндегі шаралар туралы мәселелері талқыланды.
Бұған дейін министр халықпен кері байланыс ашық әрі тиімді болуы керектігін атап өткен болатын.