Бюджеттің барлық деңгейі бойынша кірістер асыра орындалды – Смайылов

26 Маусым 2019, 15:44
1407
Бөлісу:
Бюджеттің барлық деңгейі бойынша кірістер асыра орындалды – Смайылов
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы және 2019 жылдың 5 айындағы бюджеттің атқарылуы туралы, салық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік аудит саласындағы шаралар туралы баяндады.

«Жалпы біздің мақсатымыз – еліміздің тұрақты дамуын және азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Министрлік жұмысының негізгі бағыттары айқындалған. Олар – бюджетке түсімдерді толығымен жинақтау, қаражаттың тиімді игерілуін бақылау, барлық әлеуметтік міндеттерді орындау және экономиканың өсуіне үлес қосу. Министрлік қызметі Президент Жолдауларында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және еліміздің стратегиялық құжаттарында көрсетілген басымдықтарға толық сай келеді. Оларды орындау әлеуметтік-экономикалық міндеттердің кең спектерін шешуге бағытталған», - деді министр.

Смайылов министрліктің негізгі стратегиялық бағыттарына: қаржы жүйесінің тұрақтылығына жәрдемдесу; салықтық және кедедік әкімшіледіруді жетілдіру, бюджетті жоспарлау және орындау процестерін жетілдіру, жекешелендіру процестерін тиімді жүзеге асыру кіретінін айтты. Ол 2018 жылы бюджеттік кірістердің орындалуы туралы баяндады. 

«Былтыр ел экономикасының өсімі – 4,1%, инфляция – 5,3% құрады. Өткен жылы бюджеттің барлық деңгейлері бойынша кірістер жоспарлары асыра орындалды. Мемлекеттік бюджеттің кірістері – 102,5%, республикалық бюджет – 102,3% және жергілікті бюджет 103% құрады. Мемлекеттік бюджет кірістері 8,2 трлн теңгені құрап, яғни бұл жоспардан 194 млрд теңгеге артық. Республикалық бюджетке 5,8 трлн теңге түсті, бұл жоспардан 130,3 млрд теңгеге және 2017 жылмен салыстырғанда 836 млрд теңгеге көп», - деді Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы