Бюджет қаржысын талан-таражға салмақ болған мемлекеттік мекемелер анықталды

12 Қараша 2022, 19:39
1897
Бөлісу:
Бюджет қаржысын талан-таражға салмақ болған мемлекеттік мекемелер анықталды
VIDEO
Фото: astanatv.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлық қауіптерінің алдын алғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты қожалық 150 теңге тұратын картопты 900 теңгеге сатып алмақ болған. Ал полиция департаменті мен аудандық білім, мәдениет бөлімдері жиһаз, компьютер, кеңсе тауарлары мен көліктердің бағасын ондаған есе қымбаттатып көрсеткен. Осылайша олар сатып алу жоспары арқылы мемлекеттен қомақты қаржы алмақшы болған.

Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу барысында 1 млрд теңге үнемделген.

 «Хрестенко» деген жеке шаруашылық ұйымы бар. Ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайды. Картоптың орташа бағасы 150- 200 болса, олар әлеуметтік өнімнің 1 килограмын 700-900 теңгеден қойған. Картоптан басқа жанар- жағаймайға бағаны көтеріп қою жағдайы болды. Мысалы, қыс кезінде А92, А93 маркалы бензиннің бағасын тым жоғары көтеру фактілері болды, – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басқарма басшысының орынбасары Арслан Мыңғышов.

Сондай-ақ Антикор мамандары мамандары алдағы уақытта азық-түлік өнімдерінің бағасына да мониторинг жасауды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы