Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында айтты.
2017 жылы Үкіметтің тапсырмасы бойынша 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі жол картасы әзірленді, оның шеңберінде 41,9 млрд теңге сомасына 402 іс-шара іске асырылды.Жол картасында айтылғандарды орындау қорытындысы бойынша өткен жылы 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы әзірленді, - деді ол.
Министр айтқандай, 2021 жылы 37 іс-шараны іске асыру аяқталды.
Оларды іске асыруға 2 миллиардтан астам теңге қаражат жұмсалды.Бұдан басқа Аумақтарды дамыту бағдарламалары және 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша облыстық жұмыс жоспарлары шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен әкімдіктер Министрліктің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар елді мекендерді қорғауды көздейтін 148 іс-шараны іске асырды, - деді ол.
Министрдің айтуынша, бұл өткен жылы 158 елді мекеннің қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде өткен жылы 51-ші жағалауды нығайту және шамамен 72 шақырымдай өзен арналарын тазарту, 78 шақырым (құрылыс - 14 шақырым, жөндеу - 63,6 шақырым) қорғаныш бөгендерін салу және ағымдағы жөндеу, гидротехникалық құрылыстың 2-ін салу және 6-ын жөндеу, 21-інің құрылысы және 25 шақырым су бұру каналдарын тазалау жүргізілді, 4 жергілікті құлақтандыру жүйелері орнатылды, - деді ол.