Былтыр СҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 9 адам қайтыс болды

9 Қаңтар 2024, 08:25
386
Бөлісу:
Былтыр СҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 9 адам қайтыс болды
Фото: baq.kz

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 9 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болды. 2,5 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркеліп, 618 азамат әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ khabar.kz арнасына сілтеме жасап.

Тағы 300-ден астам бұзақыға ескерту жасалып, жетеуіне айыппұл салынған.

Былтыр тұрмыстық ұрыс-керіс салдарынан облыста 9 адам мерт болды. Оның бесеуі әйел болса, қалғаны ер азамат. Қайтыс болғандардың орташа жасы — 30 бен 45 аралығында. Қылмыстарың көбі Петропавл қаласында жасалған. Статистикаға сүйенсек, отбасылық жанжалдың шығуына басты себеп жұмыссыздық және тұрмыстық жағдайдың төмендігі болып отыр, - деді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Әсия Әбжанова.

Өзгелердің жаңалығы