Былтыр құрылыс материалдары 100 пайызға дейін қымбаттады

25 Қараша 2022, 10:59
649
Бөлісу:
Былтыр құрылыс материалдары 100 пайызға дейін қымбаттады

Бұл туралы «Қазақстан Республикасы тұрғын үй құрылысын дамыту: проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы үкімет сағатында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Есеп комитетінің мәліметінше, құрылыс материалдары құрылыс нысандарының сметасында тұрғын үй құнының 65%-ын құрайды. Сондықтан үкімет сағатында нарықтағы кез келген ауытқу, жеке құрылыс индустриясының дамуы құрылыс құнына ғана емес, жалпы тұрғын үй құрылысының қарқынына да тікелей әсер ететінін атады.

«Қазиндустрия» АҚ-ның деректері бойынша елдің құрылыс материалдарын өндіру шикізат бағытында жүзеге асып жатыр. Қазақстанда жоғары дәрежелі қайта өңдеу өнімдерін өндіретін кәсіпорындар жеткіліксіз. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 18 негізгі құрылыс материалдары бойынша импорттың үлесі 50%-дан асады, - деді сенатор Серік Шайдаров. 

Ол Ресейден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін импорт отандық кәсіпорындардың қуатын көрсетуге мүмкіндік бермейтінін айтты.

Былтыр құрылыс материалдарының барлық түрлері іс жүзінде 50%-ға, ал кейбір материалдар бойынша 100%-ға қымбаттауына әкелді. Сондықтан уәкілетті мемлекеттік органның алдында құрылыс материалдарын өндіруді дамыту міндеті тұр, - деді Шайдаров.

Өзгелердің жаңалығы