2025 жылы қонақ үйлер мен демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің жиынтық табысы 268 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ведомство алқасының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қонақ үйлер мен демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің жиынтық табысы 268 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44 млрд теңгеге артық. Мұндай өсім орналастырылған туристер санының ұлғаюымен және көрсетілетін қызметтер түрлерінің кеңеюімен қамтамасыз етілді, – деді вице-министр.
Оның айтуынша, жалпы алғанда 2025 жылы туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 32%-ға өсіп, 1 трлн 254 млрд теңгеге жетті.