Былтыр елордада медициналық көмекке қанша қаржы бөлінді?

1 Наурыз 2023, 11:22
1133
Бөлісу:
Былтыр елордада медициналық көмекке қанша қаржы бөлінді?

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Былтыр сатып алу жоспары бойынша елордада медициналық көмек көрсетуге: ТМККК аясында – 112,1 млрд.теңге, МӘМС жүйесінде – 111,6 млрд теңге бөлінген болатын. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, тегін медициналық көмек көлемінің нақты орындалған медициналық қызмет 111,3 млрд теңгені, ал МӘМС жүйесі бойынша – 110,0 млрд теңгені құрады, - деп атап өтті қор басшысы. 

Яғни 2022 жылы Медициналық сақтандыру қоры Астана қаласының тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 110,0 млрд теңге төлеген. 

Шығынның басым бөлігіне тең 48,9 млрд теңгеден астам қаражат стационарларда көрсетілген медициналық көмекке, 5,9 млрд теңге – күндізгі стационарда көрсетілген қызметтерге төленді. Қор сондай-ақ жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар мен манипуляцияларға 25,6 млрд теңге төледі. Жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия тағы да басқа профильдер бойынша жүздеген операция жасалып жатыр. Осындай бір ғана күрделі отаның құны орта есеппен бірнеше млн тұруы мүмкін, - деп түсіндірді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Атап айтқанда, 2022 жылы Астана қаласында жасалған 2282 кардиохирургиялық отаға  12 млрд 749 млн теңге жұмсалған. Ал 888  нейрохирургиялық отаның құны – 3 млрд 359 теңге. ЛОР саласы бойынша жасалған  операцияларға 681 млн теңге жұмсалған. 

Сонымен қатар Астана қаласында травматологтар жалпы сомасы   449,4 млн теңге болатын 240-тан астам тізе, жамбас буындарын алмастыру оталарын жасады. Елордалық стационарларда жасалған 2612 қантамыр оталарының жалпы құны  14 млрд теңгеге жетті. Жалпы құны 496,03 млн теңгеден болатын 98 трансплантациясы, оның ішінде 91 бүйрек-бауыр алмастыру оталары сәтті аяқталды, - деді филиал директоры. 

Өзгелердің жаңалығы