Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы некеге тұрған қазақстандықтардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 8,9% өсті. Өткен жылы ресми түрде 140,3 мың неке тіркелді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Отбасын құрғандардың басым бөлігі келесі қалаларда:
- Нұр-Сұлтан – 1 000 адамға 10,10;
- Алматы – 1 000 адамға 9,40;
- Атырау облысы – 1 000 адамға 7,86.
Қиылған некенің ең аз саны Қостанай облысында (1 000 адамға 6,24) тіркелді. Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер арасында 27,9 болса, әйелдер арасында – 25,2 жас. Сонымен қатар, бұрын ажырасқан 25 мың ер адам және 22 мың әйел былтыр қайтадан некеге тұрған, – делінген хабарламада.
Қазақстандықтар үйлену үшін шілде, тамыз және қыркүйек секілді дәстүрлі айлардан бөлек, былтыр наурызды да көп таңдаған. Бұл айда 12 мың отбасы тіркелді. Некелердің 70,9 пайыздан астамы қала тұрғындары арасында қиылған.