Былтыр ел экономикасы пандемиядан соң біршама жанданды

20 Маусым 2023, 15:24
491
Бөлісу:
Былтыр ел экономикасы пандемиядан соң біршама жанданды
Фото: BAQ.KZ Архив

Былтыр елімізде экономикасында пандемиядан кейін біршама жандану байқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Ұсынылып отырған 2022 жылғы республикалық бюджет туралы Үкімет есебі Мәжіліс пен Сенатта жете талқыланды. Тиісті қорытынды жасалды. Өткен жылы пандемиядан кейін экономиканың біршама жандануы байқалды. Ішкі жалпы өнім 3,3 пайызға өсті. Көптеген негізгі салада оң нәтижеге қол жеткізілді. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі – 3,4%, құрылыс саласы – 4%, көлік – 3,9%, ауыл шаруашылығы – 9,1%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7,9%-ға ұлғайды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, республикалық бюджеттің негізгі параметрлері атқарылған.

Түсім 102%-ға атқарылып, 16,1 трлн теңге болды. Шығыс 8,6%-ға игерілді және 18,5 трлн теңге болды. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шаққанда 2,3% болды. Жалпы алғанда мемлекет өзінің әлеуметтік және басқа да міндеттемелерін толық көлемде орындады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы