Былтыр Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан 300-ден астам адам қаза тапқан

23 Қаңтар 2023, 12:23
815
Бөлісу:
Былтыр Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан 300-ден астам адам қаза тапқан

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Өңір жол-көлік оқиғасының көбеюімен күресіп жатыр.

Алматы облысында «Жол қауіпсіздігі» атты жаңа жоба іске қосылды. Жобаны іске қосуға жол-көлік оқиғаларының көбеюі себеп болған. Статистикалық деректерге сәйкес, былтыр облыс аумағында 1700-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алып, 2369 адам зардап шегіп, 300-ден астам адам қаза тапқан. Облыс прокуроры Берік Адамов жоба аясында жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі өзгерістер қабылданды, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Айтуынша, қазірдің өзінде әр ауданда прокуратура, полиция, әкімдік пен қоғам өкілдерінен мобильдік топ құрылған. 

Олар жолдың проблемалық учаскелерін анықтап, шешумен айналысады. Полиция қызметкерлері 164 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қауіпті учаскелерде 29 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды, - дейді Шұғыла Тұрлыбек.

Жоба бес бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, ЖКО анықтау мен себептерін жою, рейд жүргізу, жол-көлік оқиғалары ережелерін сақтауды насихаттау, проблемалық учаскелерде аппараттық-бағдарламалық кешендерді орнату, қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы